Алматы облысында петроглифтері бар көне тас табылды. Онда аңдарды аулаған, кейде адамдарға да шабуыл жасаған құбыжықтар бейнеленген.
Құнды жәдігерді үй құрылысына бөлінген аймақты тазалау кезінде Алматы облысының тұрғыны тапты.
“Біз үйдің іргетасын қалау үшін жерді тегістеумен айналыстық. Сол кезде бір тасты таптық. Бастапқыда оған мән бермеп едік. Тек онда бейнеленген оғаш суреттерді көргенде ғана, археологтарға жүгінуді жөн көрдік”, – дейді құрылыс басшысы Ахмад Байдәурен.
Ғалымдардың айтуынша, петроглифтер қола дәуірінің соңына жатады. Суреттер тас немесе металл құралдарымен салынған. Сарапшылар мұндай бейнені алғаш рет көріп отырғандарын айтады.
«Тастың беткі қабатында өткір тырнақтары бар құбыжық бейнеленген. Көне заманда оларды жезтырнақ дейтін. Ал артқы бетте найзамен қаруланып, өз мал-мүлкін қорғаған адамдар салынған. Қарудың бағытына қарағанда, адамдар тек қорғанып қана қоймай, жезтырнақтарды аулаған деген болжам бар», дейді археологтардың бірі.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024