18-08-18 |
4650 рет қаралған
АСТАНАДА ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ КӨШЕСІ АШЫЛДЫ.
АСТАНАДА ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ КӨШЕСІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан премьері Мухаммедкалый Абылгазиев Астананың сол жағалауындағы енді дамып келе жатқан жаңа ауданда орналасқан Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Елордамызда көшеге ұлы жазу­шы Ш.Айтматовтың аты­ның берілуі бауырлас елдер – Қазақстан мен Қырғызстан ара­сындағы достық-туыстық бай­ла­ныстың тамаша үлгісі. Ш.Айтматовтың бүкіл шығар­ма­шылығы мен өмір жолы қазақ топы­рағымен тікелей бай­­ла­ныс­ты. Ол өзінің есте­лік­терінде: «Мен шетке шыққанда әрқашан қастерлеп жүретін екі асылым бар – біріншісі Манас эпосы, екіншісі – Мұхтар Әуезов» деп кездейсоқ жазған жоқ. – Шыңғыс Айтматов – екі елге тең тұлға, бәріміздің ортақ мақтанышымыз. Бәріміз ұлы қаламгердің шығармашылығын қатар оқып өстік. Бүгінде де өскелең жас ұрпақ Шыңғыс ағамыз­ды сүйіп оқиды. Өйткені оның шығармалары бізге өте жақын. Онда екі туысқан халық­тың қилы тағдыры мен терең тамыры жатыр, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Қырғызстан Үкіметінің басшысы М.Абылгазиев Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Астана көшелерінің біріне жазушының есімін беру туралы шешім қабылдағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. – Шыңғыс Айтматов – қазақ-қыр­ғыз халықтарының ұлттық игі­лігі. Қазақстанның елордасы көше­лерінің біріне жазушы есімі­нің берілуі – өте қуанышты жағдай. Себебі Астана – Еуразия­ның басты әрі күн сайын гүлде­ніп жатқан қалаларының бірі. Барлық қазақстандықтарды тәуел­сіз Қазақстанның символы – Астананың 20 жылдық мерей­тойымен құттықтаймын. Бауыр­лас қазақ халқының барлық жетіс­тіктеріне шын жүректен қуана­мыз – деді Мухаммедкалый Абылгазиев. Қазіргі кезде Бішкек қала­сын­­да Абай, Ш.Уәлиханов және М.Әуезов атындағы көшелер бар.

Айта кету керек, Ш.Айтматов атындағы көше – (оның бұрын­ғы атауы – «№199 көше» бол­ған) жалпы маңызы бар магис­тра­ль­ды жол. Оның сегіз қозғалыс жолағы бар. Көше 2016 жылы 1,8 шақырым ұзындықта Қорғал­жын тас жолынан Е-10 (Сыға­нақ) көшесіне дейінгі учаскеде салынып, пайдалануға берілді. Бүгінде көшені Сығанақ көше­­сінен Ұлы дала көшесіне дейін 3 шақырымға ұзартып салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы 2019 жылы басталады, ал құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған. Көше мен оның аумағын дам­ыту жөніндегі алдағы жоспар­лар туралы елорданың бас сәу­лет­­шісінің орынбасары Антон Макси­мов баяндады. – Шыңғыс Айтматов көшесі – елорданың басты көшелерінің бірі. 2020 жылы іске қосылатын айналма жолдың бір бөлігі болып табылатын көлік магистралі. Сонымен қатар ол Талдыкөл көлін­дегі «Нұржол» желекжолы білік-өсінің бастауы, оның аума­­ғын­да құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ауданның барлық нысандары жаңа. Қайта жөнделген бір де бір ны­сан жоқ. Көше бойынша 2 млн шаршы шақырым тұрғын үйге, жүздеген ғимараттарға, мың­даған пәтерлерге Шыңғыс Айтматовтың есімі жазылады, – деді А.Максимов.

Бұдан өзге, Астананың бас сәулетшісі орынбасарының мәлім­­деуінше, Қорғалжын тас жолынан бастап Талдыкөл көлі­нің бойында, көшенің ұзына бойымен демалыс саябақтары, инфрақұрылым нысандары орна­ласатын жаңа рекреациялық аймақ құру жоспарланған. – Биыл жобалау жұмыстарын аяқтап, оңтүстік бағытта Ұлы дала көшесіне дейін көшені жалғас­тырамыз. Ш.Айтматов көше­сінің шығыс бөлігіне құры­­лыс нысандары салынады, ал батыс бөлігі – рекреация аймағы. Онда қалпына келті­рі­луге, көгалдандыруға, абат­тан­дырылуға тиіс Талдыкөл көлі орналасқан, – дейді А.Максимов.

Шыңғыс Айтматов (1928-2008) – танымал қырғыз жазу­шы­сы, мемлекет қайраткері. Еуропа академияларының құрметті академигі, Қырғызстанның және КСРО-ның Жоғары кеңе­сінің депутаты болып бірне­­ше рет сайланған. Елбасы Н.Назарбаевтың Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты (1993 жылы). Көшенің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін, қос мемле­кет­­тің үкімет жетекшілері Б.Сағынтаев пен М.Абылгазиев елор­даның бірқатар ірі ны­сан­да­­рын аралады. Олар ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесін өткі­зу аумағында ор­на­ласқан «Нұр әлем» пави­льо­ны мен Ақпараттық техно­ло­гия­лар хабы, сон­дай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасының кітап­ха­­насы мен Ұлттық музейіне бар­ды. Қырғызстан премьері Мухам­мед­калый Абылгазиев Аста­наға «Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің» жетінші отырысына қатысу үшін келді.

Айхан ШӘРІП

Дереккөз: Айқын газеті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.