03-03-19 |
2370 рет қаралған
«Балалар дауысы» байқауында таңқалдырған Ержан Максимге Димаш ақжол тіледі (видео).
«Балалар дауысы» байқауында таңқалдырған Ержан Максимге Димаш ақжол тіледі (видео)

Димаш Құдайберген Ресейдегі «Балалар даусы» байқауына қатысып жатқан Ержан Максимге сәттілік тіледі.

View this post on Instagram

Ержантай, балапан, Ресейдегі өнеріңе тәнті болдым. Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында далелдеген кішкентай батырымызсың. Былтыр осындай жобада Данелия құлыншағымыз Украинада еліміздің мәртебесін көтерсе биыл дәстүрге айналған жеңісті үрдісімізді өзің Ресейдің төрінде дес бермей абыроймен жалғастыруыңа тілектеспін. Сен мықтысын!!!Саған бірінші кезекте, қазіргідей жақсы қарапайым азамат болып өсуіңді, содан барып қана үлкен жұлдыз болуыңды тілеймін жаным. Алға Ержантай!!!

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

kudaibergenov.dimash:

Ержантай, балапан, Ресейдегі өнеріңе тәнті болдым. Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында далелдеген кішкентай батырымызсың. Былтыр осындай жобада Данелия құлыншағымыз Украинада еліміздің мәртебесін көтерсе биыл дәстүрге айналған жеңісті үрдісімізді өзің Ресейдің төрінде дес бермей абыроймен жалғастыруыңа тілектеспін. Сен мықтысын!!!Саған бірінші кезекте, қазіргідей жақсы қарапайым азамат болып өсуіңді, содан барып қана үлкен жұлдыз болуыңды тілеймін жаным. Алға Ержантай!!! – деп жазады әнші өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Ержан Максим – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол өткен жылы Ақтөбе қаласында өткен «Бақытты бала» жобасына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Сол кезде Димаш Құдайберген 10 жастағы өнерпаздың дауысын жоғары бағалап, өнердегі жұлдыздар жанды дауыста ән шырқаған балалардан үлгі алуы керек деп айтқан болатын. Ержан Максимнің жеңісі көп. Ол Қазақстандағы түрлі жарыстарда бас жүлде алып, Италия, Беларусь елінен жеңіспен оралды.  Ал қазір ол Ресейде өтіп жатқан «Голос дети» байқауына қатысып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.