Рудный қаласында ұлы қазақ жазушысы және драматург Бейімбет Майлинге арналған мурал салтанатты түрде ашылды.
Ленин көшесі, 215 мекенжайындағы үйде енді Б.Майлиннің портреті бейнеленген мурал оның 130 жылдық мерейтойына орай жасалды. Бұл мурал жазушының шығармашылық мұрасына деген құрмет пен танудың символына айналды.
Іс-шараға қаланың зиялы қауымы, мектеп оқушылары, қала тұрғындары және танымал жазушының тікелей ұрпақтары қатысты. Мерейтой аясында Б.Майлин атындағы мектеп-гимназияға экскурсия ұйымдастырылып, мектептің театр үйірмесі «Би-ағаның биігі» атты қойылым қойды, ал «Бейімбет оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Осы өнер туындысын жасауға атсалысқан «QС holding» компаниясы.