ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова ханым және Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырза «Цифрлық күз 2018» деп аталатын Франция Елшілігінің мәдениет маусымы басталатындығын жариялады
Биыл 19 қазан мен 12 желтоқсан аралығында өтетін мәдениет маусымы инновация, кәсіпкерлік көзқарас және болашақ тақырыбына бағытталады.
Мысалы, 18 қазан күні Консерваторияда Grame: Smart Faust өтеді. Grame – инновациялар үрдісіне қызығушылық танытатын әртүрлі жанрлар мен бағыттағы композиторлар, орындаушылар, зерттеушілер мен әртістер кездесіп, шығармашылық туындыларын өмірге әкелетін жаңашылдық орыны.
«SmartFaust» интерактивті концерттің атауы, сондай-ақ ол Faust бағдарламалау тілінде Grame әзірлеген смартфондарға арналған қосымшалар жүйесі (Android және Iphone). Концерт екі бөлімнен тұрады: алдымен солистер мен смартфондардың «хоры» үшін үш опус орындалады, артынан ақтық туынды көпшіліктің тікелей қатысуымен өтеді.
Алматыда Достық Plaza кешенінде 19 қазаннан 4 қарашаға дейін Оливье Ратси Solo Show: Шолу нүкте(лер)сі шығармашылық қойылымында Оливье Ратсидің бұрмаланған көлемдер әлемінің куәгері болып, кеңістікті қадаммен өлшеп, тұңғиыққа батуыңызға, суретші ойлап тапқан жарықтар ойынының нысанына айналуыңызға болады.
Ал, астанамызда 25 қазан күні Астана хабының аумағында цифрлық экономикаға арналған форум өтеді. Француздық кәсіпорындар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және коммерциялық ұйымдардың қазақстандық өкілдері цифрлық технологиялар тақырыбында әртүрлі мәселелерді талқылау үшін бас қосады.
Осы мәдениет маусымы аясында Алматы қаласында 27 қазан мен 3 қараша аралығында тағы бір тамаша шара өтеді. Ол – анимациялық кино фестивалі. Әлемдегі ең беделді «Des Gobelins» анимациялық өнер мектебінің өкілдері шеберлік сабақтарын өткізіп, қазақстандық мультипликаторлардың жұмыстарымен танысады.
Тағы да Алматыда 2-4 қараша күндері Smart Point, Сорбонна-Қазақстан Институтында университеттік Хакатлон іске қосылады. Хакатлонға шақырылған француздық компаниялардың өкілдері үздік командаларды анықтау үшін қазылар алқасынан орын алады. Бірінші жүлде иегерлері француздық стартаптардың экожүйесімен танысу үшін бір аптаға Парижге барады.
«Алматы» галереясында 15 қарашадан 9 желтоқсанға дейін Maison Tangible: Қанаттылар! көрмесі өтеді. Бұл көрменің ерекшелігі – кеңейтілген шынайылық: Maison Tangible қосымшасының (iOS және Android тегін жүктеуге болады) арқасында сурет сіздің телефоныңыз немесе планшетіңізде жанданады. Францияда және бүкіл әлем бойынша саяхаттайтын суретшілердің ұжымдық жылжымалы көрмесінде жинақталған.
Қарашаның 23 мен 25 аралығында Сорбонна-Қазақстан Институтында Оқу машиналары көрмесі болады. Мұндай оқу түрінің өз «артықшылығы» бар – ол дәстүрлі оқудан бас тарту… Мұнда кейбір шығармалар сөзбен ойнауды ұсынады, немесе оқырманға оқиға желісіне әсер ете алатын шынайы кейіпкерге айналу мүмкіндігін береді.
Достық Plaza 25 қараша. Fraction: Энтропия. Энтропия – тұңғиыққа батыратын перформанс. Көрермендер суретшінің әлеміне баруға шақырылады. 3D-кеңістікте дыбыстық локализацияны ұсына отырып, спектаклді Fraction өзі бастайды, одан кейін «дөңгенген дыбыстың» синергиясы, физикалық нысанның тікелей жарығы және 360 ° проекциясы арқасында күшті сезімдік әсер жасау үшін тағы екі графикалық суретші: Луи-Филипп Сент-Арно, «Nature Graphique» және «Création ex nihilo» қосылады.
Бұл іс-шара Францияның Қазақстандағы елшілігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және қазақстандық француз Альянстарының ұйымдастыруымен өтеді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024