03-12-18 |
3430 рет қаралған
Данэлия Төлешова шетелдік БАҚ назарын өзіне аударуда.
Данэлия Төлешова шетелдік БАҚ назарын өзіне аударуда

Шет елдік БАҚ  The Junior Eurovision сайысына Данэлия Төлешованың қатысуы туралы жазып, қазақстандық Eurovision продюссері Жан Мұқановтың сөзін келтірді.

Британдық  escxtra.com сайты әнші қыз Данэлия Төлешованың The Junior Eurovision ән байқауында алған алтыншы орнына продюссер Жан Мұқановтың көңілі толмай, өзінің Instagram парақшасында Данэлияның осындай әлемдік деңгейдегі сайысқа алғаш қатысқандығын және халықты құттықтағанын жазады.

Сондай-ақ, шет елдік портал продюссердің «Біз алғашқы үштікте болуымыз керек еді. Бұл мәселеде саясаттың қатысы бар ма? Әрине, бұл туралы мен төрелік ете алмаймын, бірақ балалармен ондай ойындар ойнауға болмайды. Ойнауға болмайды» деген пікірін оқырмандарымен талқыға салды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.