arasha.kz

Димаш: Халықаралық аренада мен тек қана Қазақстанның атынан шығамын

Қазақтан шыққан танымал әнші Димаш Құдайберген Евровидение байқауына Ресей атынан қатысады екен деген әңгімеге нүкте қойды. Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мен халықаралық аренада тек Отаным – Қазақстанның атынан шығамын деп мәлімдеді.

-«Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным – Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің «Арнау» атты жеке концерттік турнемде кездескенше!» – дейді Димаш Құдайберген өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Exit mobile version