Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Ресейдегі белгілі шоу-бағдарламалардың біріне қатыстып, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың танымалдығы туралы айтты.
Әзіл-қалжыңы аралас «Вечерний Ургант» шоу-бағдарламасында жүргізуші Иван Ургант Димаш Құдайбергенге:
– Саған жақында Джеки Чанның өзі (танымал кино жұлдыз ред.) хабарласыпты ғой?» – деген сұрақ қойған еді, Димаш Джеки Чанның танымал бола тұра қарапайым екендігін айта келе:
-«Ол тіпті әлемгі ең танымал адам деуге болады, тіпті барлық президенттерден де танымал», -деп айтып жатқанда, Ургант Димаштың сөзін бөліп:
-«Бірақ біреуінен кейін…», -деп айтып қалып еді, Димаш та қалжыңды іліп алып:
-«Назарбаевтан кейін…», -деп жауап қайтарды. Бағдардламаға қатысып отырғандар бұл сөзге ду күліп, Ивант Ургант жөтелген сыңай танытты. Ал Димаш болса:
-«Сіз жөтеліп жатқанда мен сізге қазақтың сыйлы адамдарға тарту ететін шапанын сыйлағым келеді», -деп Иван Урганттың иығына шапан жапты. Тележүргізуші мұндай шапан Николос Кейдж екеуінде ғана бар екенін айтып, қуанышын білдірді. Содан, Димаш Урганттан «жалғыз президент» тақырыбына оралғысы келетінін айтты да:
-«Сіз әлі де ол Назарбаев емес деп есептейсіз бе?» -деп сұрап еді, Ургант басқа адам туралы ойлағанын айтып, бағдарламаға Дмашпен бірге қатысқан Игорь Крутой:
-«Своя рубашка ближе к телу (өзіңдікі өзіңе жақын)», -дегенді айтты.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024