«Голос. Дети – 6» балалар вокалы байқауында қызы бірінші орын алғаны үшін дауға қалған ресейлік әнші Алсу «Евровидения» байқауын жүргізуден шеттетілді деп жазады teleprogramma.pro сайты.
Әнші Алсу «Россия-1» Ресей телеарнасында тікелей эфирде өтетін «Евровидения» байқауында жүргізушілердің бірі ретінде қатысушылардың баллын жариялап тұруы керек болған. Алайда, «Голос. Дети – 6» байқауына қатысқан Алсудың қызы Микелла Абрамованың төңірегінде дау туындаған еді. Сайттың жазуынша дауға қарамастан Алсудың өзі байқау жүргізушісі міндетінен бас тартпаған.
Еске салсақ аталған балалар байқауына Қазақстаннан Ержан Максим есімді жасөспірім әнші қатысты. Ержан байқаудың алғашқы күнінен бастап-ақ көрермендердің көзіне түсіп, сүйіспеншілігіне бөленген. Көпшілік байқауда Ержан жеңеді деп ойлаған. Алайда, байқаудың гранд-финалында Ержан Максим көрермендердің 27,9% дауысымен екінші орын алып қалды. Ал әнші Алсу мен миллиардер Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова 56,5% дауыс жинап, бірінші орынға шыққан еді. Бірақ көптеген көрермендер мен ресейдің танымал әртістері байқаудың әділетсіз өткенін айтып, наразылықтарын білдіріп жатты.
Солардың бірі ресейлік ысқақшы, әртіс Максим Галкин Ержанға дауыс бергенін айтып, «Біздің отбасымыз үшін жеңімпаз» деп айтты.
«Микелла Абрамова әнді жақсы айтады, бірақ ол кешегі қатысқандардың ішінде артта еді. Өкінішке қарай оның ата-анасы өздерінің ақпараттық мүмкіндіктерін дұрыс бағаламады. Қызға тым көп жұлдыздар дауыс жинап берді. Басқа ата-аналарда мұндай мүмкіндік жоқ. Осындай драмалық қателік кетті. Ал жеңімпаз Ержан Максим деп есептеймін»-деп айтты М. Галкин.
Галкинді Вера Брежнева да қолдап, «Біздің де отбасымыз үшін жеңімпаз» деп Брежнева қазақстандық әнші баланы атады.
Иосиф Пригожин балалар ойыншық емес деп есептейтіндігін жеткісізіпті.
«Микеллаға Алсудың көптеген жанкүйерлері дауыс берді, сонымен қатар оған дауыс беруге әншінің достары мен әріптестері де шақырды, тіпті «Голос» шоуын тамашаламағандар да жазып жатты. Бұл басқа қатысушылармен салыстырғанда Микелланың ең күшті артықшылығы еді және бұған қыздың өзінің де, оның ата-аналарының да, тіпті телеарнаның да кінәсі жоқ» -деп жазды И. Пригожин өзінің желідегі парақшасында.
Ал Ержанның шоудағы тәлімгері Валерий Миладзе байқаудың қорытындысын қайта қарастыру керектігін айтты.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024