09-02-24 |
25820 рет қаралған
Әкем әділетсіздікті көп көргеннен менің заңгер болғанымды қалады – Жұлдыз Мұқағалиұлы.
Әкем әділетсіздікті көп көргеннен менің заңгер болғанымды қалады – Жұлдыз Мұқағалиұлы

Мұқағали Мақатаевтың әулеті «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Ақынның ұлы – Жұлдыз студияда ақынның ұрпақтарымен таныстырып, өз естеліктерімен бөлісті.

Мұқағали ақынның 6 баласы болған. Тұңғышы Ләззат бала кезінде шетінеп кеткен, ал екінші қызы Майгүл 1963 жылы жол апатынан қайтыс болады.  

«Әкеміз өте мейірімді адам болатын. Ешқашан бізге дауыс көтеріп көрген емес. Өмірде әділетсіздікті көп көргеннен кейін шығар, менің заңгер болғанымды қалады. Көзі тірі кезінде «келешекте мен жайлы журналистер сұрап жатса, мені – сәби жүректі үлкен кісі деп айтыңдар дейтін. Себебі кішкентай балаларды өте қатты жақсы көретін»,- деп еске алды Жұлдыз Мұқағалиұлы.  

Ақиық ақынның келіні Бақытгүл Айдарова бүгінде Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық Қордың жұмысын жүргізеді. Жыл сайын Қор атынан ақынның жыр жинақтары басылып шығады. «Ананың аманатын арқалап, атаның рухына қызмет жасау – менің міндетім» дейді ақынның келіні.

Ақынның қыздары Алмагүл мен Шолпан Мақатаевалар да әкелерінің эрудит адам болғанын, қазақ халқын бәрінен биік қойып, ерекше жақсы көргенін айтып, еске алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.