24-05-24 |
23630 рет қаралған
Әлихан Бөкейханов жайлы фильм түсіріліп жатыр.
Әлихан Бөкейханов жайлы фильм түсіріліп жатыр

Елімізде «Әлихан» толықметражды фильмі түсіріліп жатыр. Бұл туралы кинорежиссер Мұрат Бидосов мәлімдеді.

«Бұған дейін «Тар заман» тарихи сериалын түсіргеніміз көрерменнің есінде болар. Осы сериалды қолға алған кезде көптеген тарихи деректер мен мағұлыматтар жинадық. Шыны керек, бұл деректер біраз фильмге азық боларлық дүниелер екенін сол кездің өзінде аңғарған болатынбыз.  Енді  «Әлихан» толықметражды фильмінің сценарийін жазып бітіріп, съемкаға дайындық жұмысына қызу кірісіп кеттік», – деді кинорежиссер.

Сонымен қатар ол аталған жобаға кәсіби тарихшылар тартылып, деректер олардың талғам-таразысынан, сүзгісінен өткенін жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.