29-02-24 |
23570 рет қаралған
М.Мағауиннің «Ұлт-аралық жанжал» әңгімесі немесе дипломатиялық жанжалдың тарихы.
М.Мағауиннің «Ұлт-аралық жанжал» әңгімесі немесе дипломатиялық жанжалдың тарихы

Қазақтың заңғар жазушысы М.Мағауиннің «Ұлтаралық жанжал» әңгімесіне арқау болған Алматының күнбатыс бетінде қалаға жақын жерде орналасқан Рахман-Ата ауылы. Бастан аяқ оқиға желісіндегі ауыл – ауасы хош, суы мол, топырағы құнарлы, қысы шуақты, ауасы таза, жазы самалды, шыбын-шіркейсіз. Ең бастысы – тыныш. Қай жағынан алғанда да. Бұл ауылдың кісілері көшеге де көп шықпайды. Шығатын шаруа, көлденең қызығы да жоқ. Үй арасына қатынасқан бірлі-жарым адамды көрмесең көзге шалынар адамды да көрмейсің. Анадайдан төрт-бес кісіні көре қалсаң, бұл – қалаға қатынайтын көлікті күтіп тұрғандар. Әбден тозығы жеткен автобусы да көбіне уақытылы келмейді, кейде мүлде қатынамай қалады. Сондықтан, жұрт үлкен жолға қарай қысы-жазы жаяу шұбырып жатқаны. Бұған қиналып жатқан жұрт жоқ, ешкімге шағымдарын да айтпай денсаулыққа пайдалы дегендей өз шаруасымен жүрген бір жұрт. Ел ішіндегі шал шауқан мен жалқау, маубастар өтініш жасап көрген одан да ештеңе шықпаған соң, оны да қойған. Бірақ Дружба, Интернационал, Ивановка сияқты ауылдарға неге дұрыс қатынайды деген сарында тағы қаншама арыз жазған. Мүлде жауапсыз қалған, себебі ол мекендерде басқа ұлт өкілдері басымдау болды ғой деймін.

Бұл ауыл бір кезде мал баққан елді мекен екен. Мағауин оны: «Прихватизация кезеңінде жым-жылас болды. Малда кетті, мал болса да оны баға алмас еді. Жайылым жоқ. Төңірек түгел тарылған. Белгісіз біреулер кесіп алған, қоршап алған. Ауылдың өз басы ғана бөліске түспей, аман тұр. Әркім өз үйінің маңында картобын егіп, жалқаулары жабайы жоңышқа қалпында қалатын. Бұрын апта сайын той, ай аралатпай көкпар, бәйге өтетін еді, – дейді. Қазір бәйге, көкпар жоқ. Есесіне күн сайын той. Жалпыға арналған дабыралы той емес, жекелеген үй, жекелеген адамдардың өз тойы. Күндіз айрықша көңілді, бірлі-жарым кісілер ғана бұлғалақтап жүрсе, күн бата екеу-үшеуден қосылған әншілер бой көрсетеді. Кейде төбелесіп, пышақтасып жататыны бар, ертеңіне қайта татуласады. Той – тойға ұласады. Десе де, бұрын жаға жыртылмаған момын ауылдың қазіргі жауынгерлік рухы жоғары. Соңғы төрт жылда ғана ауыл балалары екі кісіні атып, үш кісіні жарып өлтірді. Үлкен жер, орта есеппен алғанда ештеңе емес. Ауылдың тыныштығы бұзылмаған. Бәрі жақсы. Ауылдың жақсылығы. Һәм тыныштығы».

М.Мағауин бейне бір суретші сияқты сөздің бояуын пайдаланып, керемет образдармен қандай атмосфера жасайды. Жергілікті жерлерді сипаттау және қоршаған ортаның егжей-тегжейлері сюжетке фон ретінде қызмет етіп қана қоймайды, сонымен қатар мәдени ерекшеліктер мен қарама-қайшылықтарды көрсетудің маңызды элементі болып тұр.

Жалпы Рахман-Ата ауылында бес жүз түтін, түгелге жуық қазақ десе де болады. Ауылда 4 орыс, 3 неміс, 2 көрей, 1 ұйғыр, 1 жойыт және ұлты нақты белгісіз тағы бір кісі – қазақ емес 12 шаңырақ бар еді. Қалған 488 төрт отбасы – қазақ.

Ресми мәліметтер Рахман-Ата ауылында советтік жеті ұлттың өкілі тату-тәтті тұрып жатыр деп мақтанышпен айтып мәлімет беріп жатса, 488 отбасы сол ұлыстардың амандығын тілеп, қорғап, олардан қорқып өмір сүргендей. Ауылдағы барлық әкімшілік іс-қағаздары ұлы орыс халқының құдіретті тілінде жүргізіледі. Ресми мәжіліс, жалпы жиналыс, мерекелік салтанат атаулы тұтасымен орыс тілінде. Екі-үш орыс және қазақша ұқпайтын тағы бірер кісі қатысып қалуы мүмкін ғой деген ой жадында сақталып қалғандай. Тіпті, қыста құм сағалап, жазда тау жайлап кететін шабандар да орысша өтетін малшылар кеңесіне қатысып кетеді. Әңгіме мал шаруашылығы турасында шығар деп қатысып кетеді, орысшадан  ештеңе ұқпай-ақ қойсын басшылыққа бәрібір. Тіпті қолына бір жапырақ қағазға жазып берсең, ежектеп оқыса да мінбеге шығып, оқып беруге дайын. Қарап тұрсаң, тіл мәселесінде проблема жоқ. Күлкілі. Мағауиннің: «Ұлы орыс халқының құдіретті тілінде» деп жазуында ашу жатқанын сезіп тұрмын, «Великий, могущий русский язык» деп ұрандатқан саясатқа ызасы бар.

Осы ауыл мектебінде 10  сынып – қазақ,  20 сынып – орыс. Тек мектеп қана, аралас. Мектептегі 900 баланың: 891 – қазақ, 2 орыс, 4 неміс, 1 көрей, 2 ұйғыр баласы. Бұған не айтар едіңіз. Тағы да таңқаласың. Өз елінде, өз мекенінде тұрып жатып, тоғыз басқа нәсілге қызмет етіп, солар үшін ұлттының тілінен айырылмақ.

Міне, осы мүлгіп жатқан, бейбіт ауылда ұлт-аралық үлкен жанжал шыға жаздайды.Ұлт-аралық жанжал!. Қазіргі еліміздегі ащы шындық. Баяндалған әңгімеге арқау болған кейіпкер түбі белгісіз басқа ұлттың адамы. Ол заңның өз жағында екенін пайдаланып, қит етсе «ойбай мені шеттетіп жатыр!» –  деп, ауылдағы барлық қазақтың ашуына тиеді. Айдың-күннің аманында озбырлық көрсетеді. Шығарманы оқып отырып ашуланасың, қынжыласың заң шығарушы биліктің қазақты басқаларға жығып бергеніне қаның қараяды.

Байқап отырсақ, жанжал түсініспеушіліктен туындайды. Жұмыстың маңызды элементі –  оның халықаралық қатынастар контекстіндегі мораль мен этика тақырыбына үндеу болып табылады. Әңгіме кейіпкерлердің іс-әрекетін негіздеу, олардың адамгершілік ұстанымдары мен шешімдерінің салдары туралы сұрақтарды тудырады. Осылайша, Мағауин оқырманды кейіпкерлер алдында тұрған моральдық дилеммалар туралы ойлауға мәжбүрлей отырып, маңызды әлеуметтік-мәдени мәселелерді көтереді.

Жанжал – жапа шегіп, жазықсыз шырқыраған бес бірдей шағым хат ізімен. Бірін жазған – М.Мирзоев. Екіншісін жазған – М.Мирзоян. Үшіншісін жазған – М.Мирзозаде. Төртіншісін жазған – М.Мирзопуло. Бесіншісін жазған – М.Марат… Бәрі бір адам.

Бұл арыз түскенде, советтік жойқын мемлекет тырапай болып, елді мекендеріне төрт орыста, үш немісте, екі көрейде, бір ұйғырда, бір жойытта көшіп кеткен еді. Ұлты нақты белгісіз Мараттың ғана шаңырағы ғана қалған еді. Артын бағып, аңқау қазақтың ендігі жайын көрейін дегендей. Арыздардың иесі де осы Марат, Мирзоев, Мирзоян, Мирзозаде, Мирзопуло. Жазылған арыз қағаздары ғана әр түрлі, бірі – оқушы дәптерінде, бірі – жәй ақ қағазда, бірі –  есеп- шот жүргізетін журнал бетінде, қысқасы, «Қайда?» «Қалай?» жазудың ретін білетін бір… Ауызыңда бармайды.

Хат мазмұнына келсек:

Адамгершілікке жат, фашистік жүйеге ғана тән қанқұйлы ұлтшылдық;

Қазақ ұлтшылдары Рахман-Ата ауылын Ұлы Россиядан бөліп алып, заңсыз түрде Егемен Ауыл деп жариялаған, бұрынғы атауы деп орыстың бір …ское мен аяқталатын атауын әкеліп жапсырады;

Қазақтар 4 орыс, 3 неміс, 2 көрей, 1 ұйғыр, 1 жойытты сыйғызбай, қуып шықты, маған күн жоқ, қорқынышпен өмір кешудемін, үйіңді қрттеп жіберемін, тағысын-тағы толып жатқан жала. «Мектептегі жағдай тіпті қиын»,- дейді.

Арызға қарап отырсаң, шындығын да обал ма деп ойлап қаласың? Шындыққа көзің жеткенде ештеңе де жасай алмаған сор маңдай қазақ, сор маңдай өкімет.

Марат қанша адамның түбіне жетпеді, совхоздың директорын инфаркт етті, оның өзі бір ұзақ- хикая.

Ең сорақысы арыз шағымды тексеру мақсатында келген азаматтар, тексере келе барлық шындықты, жаланы білсе де, көрсе де ештеңе жасай алмады. Бар мәселе Мәкеңнің үлесіне шешілді. Марат жетіспегенде кім жетіссін. Содан кейін Мәкең талай сұмдықты жасады. Жер соныкі, тегін оқу соның балаларына, әйелін заңсыз пенсияға шығарып алуы тіпті. Әйтеуір Марат тыныш болса, ел іші тыныш.

Көрші тұрған Қанат пен Мараттың арасындағы жанжалдан көріп, таңқалмасқа амалың қалмайды. Не жыларыңды, не күлеріңді білмейсің. Қандай аянышты. Сорлы қазағым-ай, не көрмедің, соғыс жоқ, ел аман жұрт тынышта да сормаңдай болып, шынашақтай бір ұрсаң жерден тұра алмай қалатын, қатты деміңді шығарсаң қаңбақтай ұшып, тәлтіректеп барып, басын не жерге, не қабырғаға соғатын осы жаманға қор болғаныңды көргенде жылағым келді.

Мұхтар Мағауиннің бұл еңбегі әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар арқылы жетелейтін тартымды оқиға. Автор халықаралық қатынастарды ғана емес, сонымен бірге адами аспектілерді де зерттеп, өзара әрекеттестік пен коммуникацияның күрделі иірімдерін ашады.

Өз бетімен білгенін, ойлағанын іске асырушы адамның оқиғасынан басталған оқиға осы мекендегі елді ғана емес, әлемдік қауымдастықтың да назарын аударатын күрделі жағдай. Мағауин өзінің шебер баяндауымен құпия және таңқаларлық атмосфера жасайды, оқырманды бұдан былай не болатынын үнемі ойландырады.

 Бұл әңгіме дипломатия мен халықаралық интриганың нәзік нюанстарын көрсетеді, бұл оны саясат пен әлемдік оқиғаларға қызығушылық танытатын оқырмандар үшін өзекті және қызықты етеді.

Мәдени айырмашылықтар тақырыбын ашу үшін автор кейіпкерлерді шебер пайдаланады. Басты кейіпкерлер кәсіпқойлықты ғана емес, сонымен бірге эмоционалды реакцияны да қажет ететін оқиғалардың ортасында болады. Кейіпкерлердің психологиялық тереңдігі оқырманға шиеленіс кезінде олардың мотивтері мен сезімдерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Мұхтар Мағауиннің халықаралық жанжалы – бұл жай ғана саяси интрига туралы әңгіме емес, экстремалды жағдайларда адам табиғатына терең көзқарас. Керемет дамыған кейіпкерлер, тартымды сюжет және нәзік сөз ойыны бұл оқиғаны кең аудиторияның назары мен қызығушылығын тудыратын нағыз әдеби шығармаға айналдырған.

Хасанова Ақторғын Ерікқызы,

Astana IT University, цифрлі журналистика

мамандығының 2 курс студенті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.