04-07-22 |
1800 рет қаралған
Назарбаев есімі мемлекеттік стипендиядан да алынады.
Назарбаев есімі мемлекеттік стипендиядан да алынады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мемлекеттік стипендия атауын өзгертеді.

Енді Тұңғыш Президенттің стипендиялары мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар деп аталады. 

Құжатқа түсіндірме жазбада Жарлыққа түзетулер жобасы мемлекет басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы тапсырмасын орындау үшін әзірленгені атап өтілген.

«Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» атауын «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгерту жөніндегі 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 21-03-12.59 тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді», – делінген президент жарлығының аясында әзірленген жобада.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.