Жас композитор Рахат-Би Әбдісағин «Астана Опера» тетарына Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне жазылған өзінің жаңа операсын ұсынды, – деп жазады Sputnik Казахстан. Опера «Күн сәулесімен көмкерілген жол» деп аталады.
«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі композитор өзінің жаңа операсын театрға ұсынғанын растаған. Қазіргі уақытты театр ұжымы ұсынылған партитуромен танысып жатқан көрінеді.
Бұған дейін «Назарбаевтың құрметіне жазылған операны шығаруға театр артисттеріне қысым жасалып жатыр» делінген ақпаратты театрдың баспасөз қызметі жоққа шығарып, артисттерге ешқашан, ешқандай жағдайда қысым жасалмағанын және жасалмайтынын айтқан. Ал Астана күнінде театрда алдын ала жоспарланған қойылымдар жүреді екен.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024