arasha.kz

Әншілер фонограммамен ән айтатын болса, көрерменге ескертуге міндетті

Ендігі жерде эстрада әншілері қандай да бір мәдени іс-шарада фонограммамен ән айтар болса, оны көрерменге ескертуге міндетті болады. Әрі сахнасын этикасын сақтауға, көрерменмен тілдескен жағдайда бейәдеп сөз қолданбауға да міндетті. Нақты айтқанда заң жобасында: «сахнадан көрермендермен тілдескен кезде әртіс этикасы мен мінез-құлықын сақтауы; сахнада әртістердің нормаланбаған лексиканы пайдаланбауы; көрермендерді ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындаушылардың фонограммаларды пайдалануы туралы хабардар ету» делінген. Мұндай талаптар мәдениет және спорт министрлігі дайындаған жаңа заң жобасында жазылған. Заң жобасы ашық үкімет порталында 23 қазанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған. Алайда заң жобасында эстрада әншілері фонограммамен ән айтар алдында көрерменге ескерту жасамаса қандай жауапкершілік алатыны айтылмаған.

Әр жылдары фонограммаға шектеу қою, арнайы заң қабылдау туралы орындаушылар мен музыканттар және көрермендер тарапынан көп айтылып келе жатқаны мәлім. Оның үстіне кейбір эстрада әншілерінің сахнадағы қылықтары қоғам тарапынан сынға ұшырағаны мәлім.

 

 

Exit mobile version