Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова мәлімдеді.
«Құрметті ФБ оқырмандары!
Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.
Сондай-ақ, телеарнамыздың тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын.
Телеарнамыздың ұстанымы – қазақ елінің кешегісі мен бүгіні үшін аянбай еңбек еткен әр саладағы аяулы ұл-қыздарына әрдайым құрметпен қарау болып қала береді» деп жазды арна басшысы.
Кешелі бері Paparazzi бағдарламасы арқылы тараған ақпарат лезде таралып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024