arasha.kz

Палестина-Израиль қақтығысы туралы фильм «Оскар» алды

«Үздік толықметражды деректі фильм» номинациясында «Басқа жер жоқ» фильмі жеңімпаз атанды. Бұл картина Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы тұрғындардың мәжбүрлі көшіруіне қарсы күрескен палестиналық белсенді мен израильдік журналистің достығы туралы баяндайды.

Базель Адра мен Юваль Абрахам (екеуі де фотода – алдыңғы қатарда) «Оскар» сыйлығын ала отырып, ұзақ жылдарға созылған қақтығысты шешудің, адамдарды қоныс аударуға мәжбүрлеуді тоқтатудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Олар бұл фильмді бірге түсіргендеріне қуанышты екенін жеткізді, өйткені «бірге біздің даусымыз күштірек».

Сондай-ақ, «Үздік қысқаметражды деректі фильм» номинациясында «Оркестрдегі жалғыз қыз» фильмі марапатқа ие болды.

«Оскар» жүлдесін енді тек «Анора», «Эмилия Перес», «Злая: Батыстың мыстаны туралы ертегі» фильмдері ғана емес, сонымен қатар ауқымды фантастикалық блокбастер «Дюна: екінші бөлім» де жеңіп алды – үздік дыбыс пен үздік визуалды эффектілер үшін.

Exit mobile version