Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын түрлі платформаларға орналастыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
« “е-кітапхана» жүйесінде қазірдің өзінде классикадан бастап заманауи басылымдарға дейінгі кітаптарды оқуға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта олардың санын көбейтіп, қолданыстағы платформалармен белсенді жұмыс істеу керек.
Сонымен қатар қазіргі таңда аудиокітаптар өте танымал. Қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын жасап, оларды түрлі платформаларға, оның ішінде әртүрлі тілдерде де орналастыру қажет. Осылайша біз әдебиетімізді өз елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де насихаттай аламыз», — деп атап өтті Премьер-министр.