02-03-24 |
27310 рет қаралған
Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті.
Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті

Бүгін Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті. Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева, қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, Қызылорда облысының көпбалалы аналары қатысты.

Ұлттық комиссиямен бірігіп ұйымдастырылған форумда Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Форумның мақсаты – әйел мен ананы құрметтеу, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбие беру, ізгі құндылықтарды қоғамда насихаттау.

Егемен еліміздің дамуы мен гүлденуіне қыз-келіншектердің де үлесі өте зор. Сондықтан әйелдердің қоғамдағы рөлін, мүмкіндіктерін арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.


Бұл салада Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Онда отбасы институты мен гендерлік теңдікті дамытудың қазақстандық моделі айқындалған. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өзінің тиімділігін көрсетті. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес, оның қызметі әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы өзекті мәселелердің ауқымын пысықтауға. Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің құқықтық және институционалдық негізі қалыптасты. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою және теңдікті сақтау бойынша заңнамалық нормалар жұмыс істейді.

Ұлттық комиссияның бақылауында он шақты маңызды мәселе бар. Олардың қатарына әйелдер арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесі де кіреді.

Осыған байланысты өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 20 орталық ашылды. «TECHNOWOMEN» қауымдастығымен, «BTS Education» компаниясымен бірлесіп, электронды коммерция мектебі ашылды, 1400 қазақстандық қолөнершіге маркетплейстерде сату үйретілді.

Astana Hub-пен бірлескен «IT Ayel» жобасы шеңберінде Қазақстанның 17 өңірінен 2000 жұмыссыз әйел IT мамандықтары бойынша білім алып, алғашқы жобаларын жасады.

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарындағы әйелдердің әлеуметтік жағдайын кешенді зерттеу нәтижелері бойынша ауыл әйелдерін жұмысқа тарту бойынша нақты шаралар әзірленді.

БҰҰ Халық қорымен (ЮНФПА) бірлесіп, Астана және Шымкент қалаларында некеге дейінгі тегін кеңес беру және некені тіркеуге өтініш берген азаматтарға отбасын жоспарлау мен отбасылық психология, отбасылық бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша оқытудың пилоттық жобасы іске қосылды.

Өңірлерде жұмыс істейтін 68 отбасын қолдау орталықтарына трансформациялау жүргізілуде. Отбасын қолайсыз әлеуметтік ортадан шығаруда, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуда ведомствоаралық өзара байланыс орнату мақсатында отбасын қолдау орталықтары үшін бірыңғай тұжырымдама жобасы әзірленді.

Ұлттық комиссия төрағасы барлық бағыттар бойынша жұмыстар жалғасатынын ерекше атап өтті.

Форумға қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы мәртебесін көтеру, адамгершілік-отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар Министр Қызылордадағы «Өнер орталығының» ашылуына қатысып, «Сыр өңірі өнері тұлғаларының экспозициялық картинасы» көрмесімен танысты.

Мәдениет нысанының құрылысы Қызылордада 2022 жылдың қыркүйегінде басталды. Мұнда симфониялық, эстрадалық концерттерді, түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу үшін жағдай жасалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.