01-06-21 |
1820 рет қаралған
Тоқаев балаларды құттықтады.
Тоқаев балаларды құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады.

Қазақстан жыл сайын 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бүгін еліміздің барлық қалаларында балалаларға арналған шаралар өтуде.

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», – жазды мемлекет басшысы Твиттер парақшасында. 

Балаларды қорғау күнінің басты мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір білдіруге, қорғауға және білім алуға құқығы бар екенін еске салу. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1959 жылы Бала құқықтары туралы декларация қабылдады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.