Біз
әлеуметтік
желіде
14-03-21 |
2040 рет қаралған
Тоқаев: Бұл — нағыз береке-бірлік мейрамы.
Тоқаев: Бұл — нағыз береке-бірлік мейрамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл — нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы»,- деді президент Twitter-аккаунтында.

Көрісу күнін Амал мерекесі деп те атайды. Бұл күнде көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.