Жаңа жыл мейрамында қазақстандықтар 4 күн демалады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет 2020 жылдағы демалыс күндерін ауыстыру кестесін бекітті. Кестеге сай, 2020 жылдың 5 қаңтарын, яғни жексенбі күнді 3 қаңтар жұма күнге ауыстырылып отыр.
Яғни Жаңа жыл мейрамында еліміз қаңтардың 1-нен 4-не дейін демалатын болады.