21-12-20 | 14:41
Шевченко: “Астрахан мен Орынбор облыстарында түпкілікті халық – қазақтар”.
Шевченко: “Астрахан мен Орынбор облыстарында түпкілікті халық – қазақтар”

Ресейлік саясаткер, қоғам белсендісі, журналист Максим Шевченко Ресей федерациясы мемлекеттік думасының депутаттары Вячеслав Никонов, Евгений Федоров пен Владимир Жириновскийдің  Қазақстан териториясына қатысты айтқан мәлімдемелеріне қарсы пікір білдірді. Ол Астрахан мен Орынбор облыстарында қазақтар – түпкілікті халық деп есептейтінін жеткізді.

“Единая Россия”билеуші партиясының депутаттарына рахмет. Олар Ресей Федерациясындағы қазақтардың көзін ашып, біздің “қызғылт көзілдірігімізді” шешті”. Путин сіздің “қызғылт көзілдірігіңізді” шешпеді ме? Ол сіздерде мемлекет болған жоқ деді. “Енді “сен маған бауырым емессің” деген сөздің мағынасын түсіндім. “Единая Россия” деген не? Мен болсам ешқашан олай есептеген емеспін. Менің ойымша, Астраханда қазақтар – байырғы халық, Орынбор облысында – түпкілікті халық қазақтар”, -деді Шеченко тікелей эфирдегі видеосында.

“Әрине, Ұлы дала – қазақтардың, түркілердің, көшпелі халықтың мекені. Орыстар империялық отарлау саясаты болғандықтан сол жерде болды. Қазақтардың орыс халқына өшпенділіксіз қарағаны үшін рахмет. Онда тұратын адамдарға. Оралда немесе басқа жерлерде. Қарағандыда. Онда көптеген орыстар тұрады. Алматыда. Қазақтар бауырындай қарайды. Қазақ халқы – өте жақсы халық. Қонақжай және тәкәппар. Оларды қорлаудың қажеті жоқ. Никонов айтқан кезде – олар (Мемлекеттік Думаның депутаттары) мұны саналы түрде жасайды”, – деді Максим Шевченко.

Еске салсақ, Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никонов Ресей телеарнасынан “Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда қоныс болмаған” деп мәлімдеді.

“Олар өмір сүрген, бірақ әлдеқайда оңтүстікте. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы – Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы”, – деді Никонов федералды теледидар эфирінде 10 желтоқсанда.

12 желтоқсанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей дипломатына Мемлекеттік Дума депутатының мәлімдемесіне байланысты нота берді. Кейін Никонов “Қазақ КСР шекарасын анықтау кезінде Қазақстанның мүдделері толық көлемде сақталғанын” мәлімдеді, сондай-ақ “бауырлас Қазақстан халқына деген ең жылы сезімдерін” білдірді. Қазақстан Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Никоновтың мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып, Мемлекеттік Дума депутатының сөздері “саяси жауапсыздық және қорлау”екенін атап өтті.

Сондай – ақ, Мәскеуде Қазақстан елшілігінің қоршауында “Солтүстік Қазақстан-Орыс жері” деген жазуы бар баннері орналастырылғаны белгілі болды. Оқиға 11 желтоқсанда, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы және “Большая игра” бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов Ресейдің Қазақстанға аумақ бергені туралы мәлімдегеннен кейін болды. Ұсталған азамат кейінірек Қазақстан Елшілігі ғимаратының алдында босатылды.

Кейінірек Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Водолацкий Ресей Мемлекеттік Думасының атынан Ресей Қазақстанның егемендігін толық мойындайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел әртүрлі салаларда берік достық және серіктестік қарым-қатынас орнатқан, сондықтан ол Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемесімен болған оқиға шешіледі деп үміттенетінін айтты.

Ал 14 желтоқсанда видеодан үзінді пайда болды, онда Мемлекеттік Думаның депутаты Евгений Федоров Никоновтың сөзіне түсініктеме беріп, Ресей Қазақстаннан аумақты беруді талап етуі керек деп мәлімдеді. Федоров депутаттық мандат алғанға дейін Ресей Президентінің Әкімшілігі жанындағы Қорғаныс кеңесінде жұмыс істеді, Атом энергиясы жөніндегі вице-министр қызметін атқарды, қазір отставкадағы полковник.

16 желтоқсанда Ресейдің либералды-демократиялық партиясынан (ЛДПР) Мемлекеттік Думаның депутаты Владимир Жириновский Никоновтың Қазақстанға деген аумақтық талаптарын қолдағаны белгілі болды. Сол күні Федоровтың жаңа сөздері пайда болды – атап айтқанда, ол Ресейге Қазақстан мен Беларусь және Украинаның аумағын беру керек деп мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk