15-11-21 |
Мәмин СБЕР платформасы туралы айтты.
Мәмин СБЕР платформасы туралы айтты

Премьер-министр Асқар Мамин Сбер тобының платформасы Қазақстанды цифрландыру процесінде дербес деректерді толық қорғай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik.kz жазады.

2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан үкіметі мемлекеттік секторды цифрландыратын ресейлік Сбер тобымен меморандумға қол қойды.

«Біз әлемдегі түрлі платформаны зерттедік. Дербес деректерді қорғау мәселесі ең бірінші кезекте тұр. Сбер платформасы едәуір қолайлы әрі тиімді болып отыр», – деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде.

Премьер-министр отандық цифрлық даму министрлігі Сбермен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

«Сбер платформасы ғана бізге кодтарды ұлттық қауіпсіздік органдарында сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық егемендікті жоғалтамыз немесе дербес деректер сыртқа шығып кетеді деп алаңдауға себеп жоқ», – деді Мамин.

Үкімет Сбер платформасының артықшылықтарын атап өтті:

платформаны Қазақстан аумағында орналасқан инфрақұрылым базасында өрістету;   

қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен сервистерді (SaaS) әзірлеу;

әдістеме саласында 7 жылда жинақталған білім мен дағдыны ұсыну;

қазақстандық мыңдаған сарапшыға құзыретті беру.

Осы жылдың қыркүйегінде үкімет басшысы басшысы Асқар Мамин мен Сбербанк жетекшісі Герман Греф Қазақстанды цифрландыру жобалары, цифрландырудың платформалық үлгілеріне және Data-Driven Government тұжырымдамасына көшу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.