Маминнің үкіметтен кетуін сұраған саясаткер Тасмағамбетовтың билікке келуіне қарсы.
Маминнің үкіметтен кетуін сұраған саясаткер Тасмағамбетовтың билікке келуіне қарсы

Қоғам белсендісі, танымал саясаткер Азаматхан Әміртай Мамин үкіметінде отырғандардың тәжірибесі фирма басқаруға да жетпейді деп сынады. Ол үкіметті жаңарта алмаған Маминнен қызметінен кетуді сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ең бірінші халықпен байланыс болу керек. Үкімет болғаннан кейін халық таңдауы болуы тиіс. Мен Мамин үкіметінің 95 пайызын бірден жұмыстан босатар едім. Оларды кішкентай фирмаларға да жұмысқа алмаушы едім. Туысқандық қарым-қатынастар болмаса, ешқайсысының тәжірибесі де, білімі де жоқ. Оның алдында Бақытжан Сағынтаев Премьер министр болды. Шыны керек, Сағынтаев Премьер министр болған кезде барлық билікті олигархтарға беріп қойды. Өзі олигархтарға жақын адам. Сағынтаев үшін ең ақылды, ең білімді адам ол – олигарх, ақшасы бар адам.

Мамин кәсіпкерліктен келді. Ол бизнесмен, экономиканы түсінеді деп ойладық. Ол келгенде қуандық. Бірақ ол үкімет мүшелерін ауыстыра алмады. Баяғы жартас, сол жартас болып қалды. Жұмыс істемесе кетсін. Ол үкіметте отырмауы керек. Кету керек. Өйткені ол үкіметті басқара алмайды»,- дейді Азаматхан Әміртай.

Сонымен қатар, саясаткер Иманғали Тасмағамбетов пен Әблязовтың билікке келуінен не үшін қорқатынын түсіндіріп кетті.

«Тасмағамбетов – нағыз авторитар. Иманғали Тасмағамбетовпен ол Алматы қаласының әкімі болған кезде жұмыс істеп көрдік. Кәсіпкерлер кеңесімен кездесулер өтті. Таң қалғаным, біз өмір бойына кәсіппен айналысып келеміз . Сонда әкім болып бізге кәсіппен қалай айналысуды үйретті. Ол өмір бойына шенеунік болған, бай адам. Бізге кәсіппен қалай айналысуды үйретті. Оның айтқан сөзі мен ісі сәйкес емес. Біздің барлық әншілердің, жазушылардың ең жақсы көретін адамы… Бүгінгі күні қара қазағым соны көшбасшы ретінде көреді. Тиімді жұмыстар атқаруы мүмкін. Бірақ ол 50 жыл басқарады. Ұрпақтарына дейін басқаратын қылып тастайды. Ол- нағыз авторитардың өзі. Біз не үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуандық?. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаевтың табиғатының өзі демократ, тәрбиесі, бейнесінің өзі демократ. Тасмағамбетов- авторитар. Әблязов министрлікте жүрген кезінде аппараттық жиналыс өткізбейтін, алған  ақпаратымен бөліспеді. Ол ақылды, шахматист. Өз командасын ести білмейтіндер демократиялық еркіндікке қарсы нәрсе. Ондай адамдардан елді қорғап, құтқару керек. Бізге «супер» адам керек емес. Олар пиар технологиямен пиарын жасап алған», -дейді ол.  

Халықтың жағында жүріп, билік өкілдерінен де алыстамайтын қоғам белсендісі мемлекеттен алған марапатын мүддеге жету жолындағы технологиясы екенін түсіндірді.

«Саясат болғандықтан мүдде деген болады. Сол мүддені іске асыру үшін технологиялар болады. Оны пайдалау- тек бір жаққа жұмыс істеп, көшеде жүріп, тау-таста жүру болмайды. Принцип қай жерде рөл ойнайды? Ақшаға сатылған адам, дүние, мансапқа сатылған адамның принципі жоқ. Халық мүддесі үшін қызмет еткен адамды ешуақытта ғайбатқа алуға болмайды. Ол онсыз да таяқ жеп, қиыншылықта келе жатыр. Кеше бір кісі Facebook-та пікір жазған. Мен даттағандарға пікір жаздым. Даттасаң билікті датташы, солар ғой улап жатқан. Барып әкімді датта, министрді датта, билікте отырғандарды датта! Біз саған не істеп қойдық, дедім үндемей қалды»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол өзіне ұсынылған қызметтен бас тартқанын, шетелден ақша алмайтынын да айтты.

«Билік – біздің билігіміз. Ол жерде қазақтар отыр. Оларға сөзбен, іспен жеткізуіміз керек. егер олардан алшақтап кетсек, кім жеткізеді?! Олар шындықта қабылдайын деп, менсініп те тұрған жоқ. Мен білемін, кездесіп жүрмін.  «Ой халық айтады, айқайлайды қояды» деп отыр.

Оппозиция –билікті сынайтын, сын арқылы күресе алатын адам айтады. Мәселен кезінде 2015 жылдан бері маған қызметтер ұсынды. Мен барған жоқпын. Жолым-халықтың қасында болу. Мақсатым – еліміз әділ, шындықты айтатын мемлекет болу керек.

Бізге ешкім ақша төлеп жатқан жоқпыз. Ақшаны іздеген адам табады. Шетелден ақша алып отырған жоқпыз. Орта кәсіпте жүрген елін ойлайтын жігіттер бар»,-дейді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.