Маусымда қандай мекемелер ашылады?.
Маусымда қандай мекемелер ашылады?

2020 жылдың 15 маусымында кинотеатрлардың қызметі жанданады. Тек санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек деп хабарлайды коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша ведомствоаралық комиссия.

Сонымен қатар фитнес-орталықтар мен спа-орталықтардың жұмысы 1 маусымда імке қосылады.

Ал спорт және мәдениет объектілерінің жұмысы көрерменсіз істейді.

Сондай-ақ балабақшалар белгілі бір шектеулермен жұмыс істейтін болады. 1 маусымда мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беру ұйымдары (топта 15 адамнан көп емес), ғылыми-зерттеу институттары және ғылыми орталықтар жұмысын бастайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk