20-11-19 | 16:07
“Медеудегі” әжетханада зорланған қыз елден кетіп қалды.
“Медеудегі” әжетханада зорланған қыз елден кетіп қалды

“Медеудегі” әжетханада зорланған қыз елден кетіп қалды. Бұл туралы “НеМолчи” қозғалысының белсендісі Дина Таңсәрі өзінің фейсбуктағы парақшасында жазады.

Қоғамдық белсендінің сөзінше бұл қызға дейін де сексуалды зәбір көрген қыздар елден кеткен.

-“Әйелдерді аялаңдар…

Медеудің әжетханасында зорлық көрген қыз Қазақстаннан кетіп қалды. Ол үшін қуаныштымын. Қазір оның жақсы жұмысы бар және енді ол өзін қауіпсіз сезінеді. Ол зорлану оқиғасынан кейін елден кетіп қалған үшінші қыз”, деп жазады Дина Таңсәрі өзінің желідегі парақшасында.

Айта кетсек, үстіміздегі жылдың наурызында Алматыдағы Медеу мұз айдынының әжетханасында жас қызға бейтаныс азамат сексуалды зорлық көрсеткен. Кінәлі анықталғандығы туралы ақпарат шықан болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.