10-07-20 | 22:07
Медсақтандыру қоры және СК-Фармация басшылары қызметінен кетті.
Медсақтандыру қоры және  СК-Фармация басшылары қызметінен кетті

фото: А.Жұмағұлов (сол жақта) Б.Шәріп (оң жақта)

Міндетті әлеуметтік мединицалық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен “СК-Фармация” басқарма төрағасы Берік Шәріп қызметтерінен кетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған басшылардың қызметтен кету туралы өтініштеріне денсаулық сақтау министрі қол қойған.


“Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша “СК-Фармация” ЖШС-нің Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.

Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды” делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев аталған мекеме басшыларын жұмыстан босатып, қызметтеріне тексеру жасау керектігі туралы айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.