18-01-20 | 22:24
Мейрамбек Бесбаев Зағипа Балиеваға алғыс айтты.
Мейрамбек Бесбаев Зағипа Балиеваға алғыс айтты

Қазақстан орындаушылар одағы төңірегіндегі дауға нүкте қойылғандай. Осыған дейін одақтың бұрынғы басшысы мен депуат Зағипа Балиева қоқан-лоққы жасап  қысым жасап жатыр деп мәлімдеген әнші, Қазақстан орындаушылар одағының басқарма басшысы Мейрамбек Бесбаев екі тарап ортақ келісімге келгенін айтып, Зағипа Балиеваға алғыс айтты.

“Кешелі бері Қазақстан орындаушылары одағы маңындағы өрбіген жағдайға байланысты келесіні хабарлаймын. Бүгін ұйымның бұрынғы басшылығымен кездесу өткіздім. Ортада қалыптасқан барлық мәселелер бойынша келіссөздер жүріп, ортақ шешімге келдік. Біріншіден, менің заңды түрде басшы ретінде әділет органдарында тіркелуіме бұрынғы басшылық ешқандай кедергі келтірмейтін болды. Екіншіден, одақтың басқа ұйымдар мен құрылымдардың алдындағы міндеттемелерді бұрынғы басшылық және біз екі жақтап шешетін болдық. Біздің тараптан ұйымның болашақтағы барлық жұмысы таза, ашық жүргізілетінін айттық, кей шаруаларға қатысты бұрынғы басшылық нақты ақпарат беріп отыратын болды. Бір елдің балалары болғандықтан, сөзге тоқтаған текті халықтың ұрпағы болғандықтан, біз ортақ мәмілеге келдік. Сол себептен, қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, құрметті апайымызға қатысты кеше жариялаған постымды алып тастаймын. Кеше орын алған мәселені ары қарау ушықтырмай, тез арада шешілуіне ықпал еткен Зағипа Яхияқызына алғыс айтамын!” деп жазады әнші instagram парақшасында.

View this post on Instagram

Құрметті бауырлар, достар! Кешелі бері Қазақстан орындаушылары одағы маңындағы өрбіген жағдайға байланысты келесіні хабарлаймын. Бүгін ұйымның бұрынғы басшылығымен кездесу өткіздім. Ортада қалыптасқан барлық мәселелер бойынша келіссөздер жүріп, ортақ шешімге келдік. Біріншіден, менің заңды түрде басшы ретінде әділет органдарында тіркелуіме бұрынғы басшылық ешқандай кедергі келтірмейтін болды. Екіншіден, одақтың басқа ұйымдар мен құрылымдардың алдындағы міндеттемелерді бұрынғы басшылық және біз екі жақтап шешетін болдық. Біздің тараптан ұйымның болашақтағы барлық жұмысы таза, ашық жүргізілетінін айттық, кей шаруаларға қатысты бұрынғы басшылық нақты ақпарат беріп отыратын болды. Бір елдің балалары болғандықтан, сөзге тоқтаған текті халықтың ұрпағы болғандықтан, біз ортақ мәмілеге келдік. Сол себептен, қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, құрметті апайымызға қатысты кеше жариялаған постымды алып тастаймын. Кеше орын алған мәселені ары қарау ушықтырмай, тез арада шешілуіне ықпал еткен Зағипа Яхияқызына алғыс айтамын! Мені қолдап, жылы сөзін аямай жатқан барлық ағайынға Алла разы болсын!

A post shared by 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev) on

Мейрамбек Бесбаевтың өзіне қатысты жазғандарына Зағипа Балиева да жауап беріп, іске қатысы жоқтығын айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.