13-06-20 | 17:02
Михаил Ефремов: Мені кешірмейтінін білем, бұл кино емес! (видео).
Михаил Ефремов: Мені кешірмейтінін білем, бұл кино емес! (видео)

фото: видеодан алынған скриншот

Ресейдің белгілі актері Михаил Ефремов видеоүндеу жасап, жол апатынан қаза тапқан адамның отбасынан және жақындарынан кешірім сұрады.

Ефремов мас күйінде көлік жүргізіп келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан қарсы көлікке соғылып, ол көліктегі адам қаза тапқан.

Видеоүндеудегі сөзінде актер: “Мені кешірмейтінін білем. Сонда да кешірім сұрағым келеді. Енді Ефремов жоқ. Әйелім, балаларым мені кешірмейді. Мен бәрін сатып кеттім, маған сенген адамдарды. Ішімдік ішіп көлікке отыру кешірілмейтін нәрсе. Соның кесірінен жақсы адам қаза болды. Отбасы қара жамылды. Мені көпшілік артист ретінде жазадан құтылуға тырысады деп ойлайды. Жоқ! Жазадан құтылуға тырыспаймын! Бұл –  кино емес. Кешіріңіздер мені!”

Ефремов қазір сот шешімімен үйқамақта отыр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk