27-06-20 | 13:52
Миллиардер Алиджан Ибрагимов “Халық алғысы” медалін алды.
Миллиардер Алиджан Ибрагимов “Халық алғысы” медалін алды

фото: forbes.kz

Еуразиялық банктің акционері Алиджан Ибрагимов «Халық алғысы» медалін алды. Бұл туралы Еуразиялық банк хабарлайды.

Қазақстанның форбс тізіміндегі миллиардер наурыз айының соңында «Жаңа Павлодар» қоғамдық қорына 100 миллион теңге көлемінде қаржы бөлген берген. Ол қор қиын жағдайға тап болған адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсететін, онымен қоса, COVID-19 күресуге қажетті медициналық дәрі-дәрмек пен аппаратты сатып алу мақсатында қаржы жинайды. Одан бөлек Ибрагимов Алматы қорына да 100 миллион теңге аударған.

ERG компаниясының акционерлері, миллиардерлер: Александр Машкевич пен Алиджан Ибрагимов Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдап, Biz Birgemiz қорына 4,5 миллиард теңге берген. Оған қоса Астанада коронавирустың алдын алу шараларын іске асыру үшін 100 миллион теңге және аударған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk