27-03-20 |
1890 рет қаралған
Алматыдағы Нұркент ықшам ауданында адамдар ұзын-сонар кезекте тұр (видео).
Алматыдағы Нұркент ықшам ауданында адамдар ұзын-сонар кезекте тұр (видео)

Алматыдағы Нұркент ықшам ауданындағы көші-қон мекемесінің алдында ондаған адам иық тіресіп, ұзын-сонар кезекте тұр. Бұл туралы блогер Назгүл Қожабекова facebook парақшасындағы видеода көрсетіп, айтты.

Мына видеоны таратыңдаршы, жеткізіңдерші жетер жеріне.

Опубликовано Назгүл Қожабек Пятница, 27 марта 2020 г.

 

Видеодан мекеме алдында топырлап кезекте тұрған топ адамды байқауға болады. Назгүл Қожабекова қалаға енгізілген карантин режимінде көп адамның бір жерде жиналуына әкімшілік, полиция неге назар аудармай отырғанын айтады. Блогердің сипаттауынша, кезекте тұрған адамдардың бірінде маскі болса, бірінде маскі жоқ.

«Миграциялық полиция бөлімшесінің алдында иін тіресіп тұрған тобырдың кезегі неге реттелмейді?» дейді Қожабекова.

Кеше төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы карантинді күшейтіп, үш адамнан артық топтаспау, қажеттілік болмаса үйден шықпау туралы ереже енгізген. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.