arasha.kz

«Ататүрік секілді Нұрсұлтан Əбішұлы да Атақазақ атанды»

Атақты Төлебидің: «Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол, Бір елдің атасы болма,  Бар елдің данасы бол, Бір тонның жағасы болма, Бар елдің ағасы бол», – деген өсиет сөзі бар еді. Кешегі Ататүрік секілді Нұрсұлтан Əбішұлы да дəл осындай өсиетке сай бұл күнде Атақазақ атанды. Жəй ғана бір нəрсені бастап оны соңына дейін жеткізу үшін де біраз жігер, шыдам қайсарлық керек. Ал отыз жыл бойы ел басқару, тығырықтан шыға білу жəне соның нәтижесін көргенше ұлы қайраткерлікпен қызмет көрсету тегін адамның қолынан келмейді. Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі ел астанасын осылайша салды. Керемет қала салды. Қазақ халқының келбетін көрсетті. Қазақтың талғамын танытты. Міне, сондықтан да, еліміздің астанасын «Нұр-сұлтан» деп атайық деген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі өте батыл шешім жəне оны қолдау біздің халықтың жүзін жарқырата түседі. Басшы-қосшымыз болып, бір тілекпен алға баса берейік.

Қойшығұл Жылқышиев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,          Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық         филиалының директоры

Exit mobile version