26-12-18 |
4030 рет қаралған
«Қазақты қырған колхоздастырудың 90 жылдығын тойлап жүрміз».
«Қазақты қырған колхоздастырудың 90 жылдығын тойлап жүрміз»

Белгілі журналист Серік Әбікен тарих туралы кезекті жазбасын жариялады. Онда қазақ даласында болған большевиктерге, отарлыққа қарсы көтерілістерді емес, қоғамда әлі күнге совет өкіметінің колхоздастыру саясатын ұлықтап жүргеніміз айтылады. 

«Туған жердің тарихын біле бермейміз, Талдықорғанның түбінде Шұбар деген ауыл бар. Сол Шұбардан 1930 жылы Сәбет үкіметіне қарсы көтеріліс басталыпты. Қатын-бала ашыға бастаған соң 900 адам атқа қонып, көтеріліс жасаған. Орталықтың дәл түбінен бүлік шығуы шалғайдағы қазаққа дем беріп Қоғалыда, Малайсарыда, Қараталда, Балқаштың Ақкөлінде отырған шаруалар өрт тигендей қаулай жөнеліпті. Аягөз маңы да дүрліккен. ОГПУ басшысы Липен Семейен, Алматыдан атқыштар бригадасын шақыртып, бәрін жаншыды. Дені сойыл-айырмен қаруланған Көтерілісшілер бір-біріне шабарман жіберіп, хат жазып, өзге ауылдарды қозғап, барынша бірігуге талпынған. Милиция жасақтары оған мұрша бермеді. Көп адам қырылған. Өкініштісі, осы Шұбар, Малайсары, Қаратал көтерілістері жайлы Тарих оқулығында дым жоқ. Балаларымыз түгілі өзіміз білмейміз. Байқауымша бұл қазақтың ру-тайпаға бөлінбей, тұтас ел болып Совет үкіметін төңкеріп тастау үшін жасаған соңғы тұяқсерпері. Одан кейін бас көтерер жігіттердің бәрі тау-тас паналап кеткен.

P.S.

Біз осы көтерілістің 90 жылдығын емес, қазақты қырған колхоздастырудың 90 жылдығын тойлап жүрміз. Балқаш, Қаратал, Көксу аудандары мерейтойларын ат шаптырып, той жасап дүркіретіп өткізді. Бұл дарақылыққа жылайсың ба, күлесің бе?» деп жазады Серік Әбікенұлы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.