20-05-20 |
1380 рет қаралған
Балаева: Бұл демократия бағытында жасалған үлкен қадам.
Балаева: Бұл демократия бағытында жасалған үлкен қадам

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева митингілер, бейбіт шерулер туралы заң жобасын демократияға қарай жасалған үлкен қадамға балайды.

«Бүгін Мәжіліс депутаттары барлық бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін жаңа заң жобасын қолдады. Бұл құжат қазақстандық қоғамда үлкен резонанс тудырды. Енді барлық азаматтық қоғам институттарымен, сарапшылармен, құқық қорғау ұйымдарымен, Сенат пен Мәжіліс депутаттарымен тұжырымдамалық жетілдірулер енгізілген заң жобасына мемлекет басшысы қол қояды. Президенттік шаралар кешенінің маңызды бөлігі болып табылатын заң жобасы соңғы айларда ең көп талқыланған тақырыптардың бірі болды. Бүгінгі таңда құжат сапалы түрде жетілдірілген және біздің еліміздің азаматтарына митингілер мен шерулер, демонстрациялар мен пикеттер өткізу құқығын өзге адамдардың құқықтарына нұқсан келтірместен еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл демократия бағытында жасалған үлкен қадам» деді министр. 

20 мамырда мәжіліс бейбіт шерулер, митингілер туралы заң жобасына қатыс сенат жасаған өзгерістерді мақұлдады. Енді заң жобасы президенттің қол қоюына жөнелтіледі.

Қоғамда қызу талқыға түскен бұл заң жобасы сарапшылар арасында көптеген дау-дамай туғызды. Соған қарамастан парламент заң жобасын мақұлдады. Осыған байланысты қоғам қайраткерлері өз пікірлерін жария етуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.