arasha.kz

Берік Әбдіғалиұлы: Үкімет ауысу керек

Берік Әбдіғалиұлы, Мәжіліс депутаты:

– Шұғыл жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық шешімдер қажет!

Жанаөзеннен басталған бауырларымыздың талабы орындалды! Бұл тек үкіметтік комиссиясының шешімі емес, ол Мемлекет басшысының шешімі.

Газ бағасының өсуі себеп болғанымын, халықтың наразылығының басты себебі – жаппай қымбатшылық, әсіресе азық-түлік бағасы.

Елдің талабы – қымбатшылықты тоқтату, тоқтата алмаса жаппай жалақыны көтеру.

Сондықтан газдың бағасын төмендетумен шектелмеу керек.
Шұғыл жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық шешімдер қажет!
Осы наразылыққа және қымбатшылыққа жол берген Үкімет ауысуы керек!

Exit mobile version