arasha.kz

«Әділ мемлекет қалыптастыруға бағытталған»

Жұмағали Исмаилов, халықаралық хирургтер ассоциациясының мүшесі:

– 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өзінің кезекті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында елдің тұтастығы, халықтың бірлігі үшін маңызды мәселелер, қадау-қадау ойлар айтылды. Осыдан-ақ Президенттің халқының амандығын, ұлтының саулығын бірінші орынға қойып жүргенін байқауға болады.  Қордаланып, өз шешімін таба алмай келе жатқан әрі көпшіліктің көкейінде жүрген проблемаларды мейлінше ашық айтты. Осы мәселелердің нақты қадамы – алдағы өтетін президенттік сайлау. Шыннын айтқанда, жыл басынан бері кейбір сарапшылар болжаған президенттік сайлау Қазақстанды жаңа тарих кезеңіне түпкілікті шығарып, әділ мемлекет қалыптастыруға бағытталған.

Екінші жағынан күрделі геосаяси жағдай қазақстандық қоғамның біздің ел дамуының нақты стратегиялық пайымына деген сұранысын өзектендіреді. Осыған байланысты сайлау ерекше мәнге ие болады. Оған қоса, сайлау қазақстандықтарды, біздің азаматтық қоғамды демократиялық трансформация идеясы төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық үшін сайлау – бұл саясатты қалыптастыруға қатысу құқығын іске асыру, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстаным таныту мүмкіндігі.

Сонымен қатар, саяси бірлестіктер мен олардың көшбасшыларының ел дамуына қатысты өз пайымдарын ұлттық ауқымда ұсынып, барлық қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін идеялары мен тетіктерін талқылауға мүмкіндігі болады. Белсенді қоғамдық бірлестіктер стандартты емес тұжырымдамаларды, жаңа тәсілдер мен шешімдерді ұсына алады.

Exit mobile version