24-08-22 |
1770 рет қаралған
Депутат Болат Назарбаев туралы: мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады.
Депутат Болат Назарбаев туралы: мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров экс-президент Н.Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың жер телімдері туралы айтты.

«Біз өткендегі «ығай мен сығайлардың» жемқорлық, протекция істерінен де сабақ алуымыз керек.
Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімі, объект алған. Сол кісінің фамилиясына берілген.
Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады.
Ал, цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2- млн астам азаматтар 10- соток жер ала алмай телміріп жүр.
Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады.
Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады. Партиялық Кеңес аппаратында осфы мәселенмен терең айналысуға тапсырма беремін! «Жер-Аманат» комиссиясымен бірге істеу қажет», – жазды Ерлан Саиров.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың науқас екені жария болған. Кейін Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен 17 маусымда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің арызы бойынша ҚР ҚК-нің 249-бабының 1-бөлігі (рейдерлік) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны мәлім болған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.