12 тамызда Қазақстанда сенат сайлауы өтіп жатыр. Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.
Сенат сайлауына байланысты экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан (суретте) өз пікірін жарият етті. Оның ойынша, елдегі тоқыраудың себебі, бір ғана саяси күштің саяси монополиясында.
«Сенат сайлауы әдеттегідей өтіп жатыр: сайлауалды тартыссыз, тыныш, кейбіреулерді есепке алмағанда кандидаттар халыққа аса таныс емес. «Бұл сенаторлар тағы да үнсіз отыратын, бас ұратын сенаторлар болады. Демек олар елдің дамуына ықпалдаспайды. Сенатта сол баяғы үнсіздік орнап, нұротандық батпақ болып тұра бермек.Елдегі тоқыраудың себебі, бір ғана саяси күштің саяси монополиясында.
Депутаттардың жартысын неге мажоритарлы негізде жасамасқа? Сонда парламентте тәуелсіз адамдар пайда болады. Сонда ғана үкімет парламенттен қорқа бастайды. Үкімет жұмысына қазірден бастап нұротандықтарды емес, тәуелсіз министрлерді шақырмасқа? Саяси монополияны бұзуға не кедергі? Бізге бір палаталы парламентте жетеді» деп жазады Мұхтар Тайжан.