
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Қазақпарат» агенттігіне көлемді сұхбат берді. Сұхбатта Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы жан-жақты баяндалады.
Ерлан Қарин Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдер негізінде құрылған барлық методологиялық инфрақұрылым белгілі бір дәрежеде сақталып, жұмысын жалғастыра беретінін айтады.
– Қазіргі таңда Мемлекеттік комиссияның негізгі әкімшілік және әдістемелік органы ретінде Жобалық офис жұмыс істеп жатыр. Оның жұмысы қайта жасақталып, сараптамалық институттардың бірінде әдіснамалық және консультациялық қызметпен айналысатын болады. Қуғын-сүргін құрбандары бойынша ашық цифрлық деректер базасын толықтыру, сондай-ақ ғылыми жинақтар сериясын шығару жұмыстары жалғасады, – дейді Мемлекеттік хатшы.
Тағы бір айта кетерлігі, 2023 жылға дейін бекітілген нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ғалымдар мен зерттеушілерге олардың саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу бағытындағы жұмыстары үшін қолдау көрсетіле береді.
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025