09-03-24 |
20250 рет қаралған
Ешкім Сәрсенбайұлын қамауға алмайды – депутат.
Ешкім Сәрсенбайұлын қамауға алмайды – депутат

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Рысбек Сәрсенбайұлының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Рысбек ағаның өзі де маған хабарласты. «Қан қысымым 200-дің үстіне шықты» дейді.

Баспасөз конференциясы» деген атаумен өтетін жиынға ары кеткенде 20-30 адам жиналар еді, бұдан қирап, жанып, өртеніп кетер ештеңе болмас еді. Елді еліктіру қажет пе еді…

Ал енді мынау жағымсыз жағдаяттан кейін желі біткен жарылып, болмаған жиынның эффектісі еселеніп кетпей ме?! Осындай әпербақан әрекет түптеп келгенде «Жаңа Қазақстан» идеясына соққы болмай ма?! Ақыр соңы, тостағанда толқын тудыру кімге қажет?!

Мен хабарласқан күштік құрылым өкілдері (қаз-қалпында): «Елдегі мереке күндеріне байланысты полиция «усиленный режим» жағдайында қызмет ететіні ел-жұртқа алдын ала ескертілген. Талап баршаға ортақ, алаңға демалуға баратын халықтың жағдайын да ескеруіміз керек. Бұл жиынды мереке күндерінен кейін де өткізуге болар еді ғой. Ешкім Сәрсенбайұлын қамауға алмайды, «беседа» жүргізіледі – болды» дейді.

Қалай болғанда да, жасы 70-тен асқан азаматты босату керек. Мереке күндерінің шырқын күштік құрылымдар да, қоғамшылдар да бұзбауы тиіс!», – деп жазды депутат.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.