arasha.kz

«Халықтың арасында жүрген сауатты адамдар Үкіметке шақырылса жақсы болар еді»

Экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан үкіметтің ауысуына қатысты өзінің facebook парақшасында ойын жазды. Мұхтар Болатханұлының ойынша, халықтың ашу-ызасын тудырған, сынға ұшыраған білім және ғылым министрі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

 

«Қай салалар халықты ең көп ызаландырды? Меніңше біріншіден білім саласы – үш тұғырлы тіл, мектеп далбаса реформасы, бала бақшалардың жоқтығы. Сондықтан жаңа Үкіметте Ерлан Сағадиев мырза қала берсе түбі жақсылыққа апармайды. Екіншіден әлеуметтік ауыр хәлі халқымызға қаты тиіп тұр. Мәдина Абылқасымова ханымның 16 мың туралы сөздері халықты қатты ренжітті. Ол да орнынан міндетті түрде кету керек деп санаймын» деп жазады ол.

Бұған дейін президент үкімет отставкаға кетуі тиіс деп мәлімдеме жасаған еді.

Н. Назарбаев: Үкімет отставкаға кетуі керек

Іле Бақытжан Сағынтаев президентке алғыс айтып, үкімет таратылды.

Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады

Бұрынғы вице-прьемер Асқар Маминге уақытша үкімет басшысы қызметін атқару жүктелген еді.

Асқар Мамин премьер-министрдің міндетін атқарады

Жаңа үкіметтің құрамы қандай болатыны туралы сарапшылар түрлі болжам айтып жатыр.

Exit mobile version