Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
Мен Қытай маманы емеспін , бірақ бұрыннан Қытай іс жүзінде ыдырау жолына түсті деп жазып жүргенмін. КСРО-ның жолына Қытай мен Ресей түсті. Қытай мен Ресей халықтарының бір-екі ұқсас жері – олар тұрмыс стандартын көтеруді талап ететін болды. Екінші ұқсас ерекшелігі – Қытайда да, Ресейде де өлкелердің билікке наразылығы күшейіп келеді, бірақ Қытай мен Ресей басшылары халқын басқыншылық идеялармен санасын уландыруда. Солай жолмен «Крым наш» ұраны кең қолдау тауып, Ресей Украинаның жартыаралын тартып алды да, Шығыс Украинада әскери лаң бастады. Ал Қытай «Тайванды Тайванға қайтарамын» деп Қытай ұлтшылдарын қоздырып келеді. Егерде Қытай көршілеріне шабуыл жасаса Ресей сияқты санкцияларға ұшырайды. Менің ойымша Қытайдың да, Ресейдің де ыдырап демократиялық жолға түскені жақсы болар, яғни империялық қуатты Қытай мен Ресей бізге қауіпті. Қытайдың және Ресейдің мемлекеттік инвестициялары бізге қауіпті, ал Батыс елдерінің жекеменшік инвестициялары бізге тиімді, әрине инвестициялардың тепе-теңдігі керек. Мәселен, Қытай үлесі- 25% , Ресей үлесі- 25%, Батыс үлесі- 25% болса дұрыс болар еді. Тәжікстан «қарызға батып жерін беріп есептеседі» деген әңгіме бар. Серікжан Біләштің Қытай қаупі туралы талдауы өте қисынды. Қытайдың дағдарысқа ену себебі – коммунистік тоталитарлық жүйе. Тоталитарлық жүйе экономиканы дағдарысқа апарды: 10%-дан 6.5%-ға түсті.Бірақ Қытай өз саясатын біресе қатаңдатып көршілермен соғыс бастап, біресе жұмсартатын әдеті бар. Келесі эмиграциялық кезең тағы келер. Сол тұста арғы беттегі қазақ Атамекенге көшер. Сол тұста Қазақстанның иммиграция басшылары тағы да қырсықпай келген қазақты қабылдаса болар еді.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024