«Наркескен» – интеллектуалдық-пікірсайыс клубының кезекті отырысында саясаттанушы Әзімбай Ғали халық санағы туралы ойларымен бөлісе келіп: «Жаңа санақта біраз мәселе ескерілу керек, ол миграция, ассимиляция. Егер ұйғыр және басқа да этностар қазақ болып жазылғысы келсе оған қарсы болмауымыз керек. Қандай ынталандыру жасасақ та қазақтың санын өсіруіміз керек. Біз соңғы онжылдықта 26,3 пайызға өскен болсақ, бұл жақсы көрсеткіш. Алдағы онжылдықта 23 пайызға дейін өссек олда жаман көрсеткіш болмас еді. Бізге өсу керек, көрші елдердің саны бізден көп. Қытай, Өзбекстан, Ресейдің халқы бізден анағұрлым жоғары» деді. Бұл туралы baq.kz жазады.
Сондай-ақ, саясаттанушы Қазақстанның жері үлкен де, халқы аз екенін айтып: «Бұл өте қауіпті, өйткені көрші елдің халқы өзіне симай отыр. Егер қазір халық санын көбейтпесек өзге этностармен ассимиляцияланып кетуіміз мүмкін». деген де пікір айтқан.