25-03-19 |
24370 рет қаралған
Лужков: Астана атауының ауысуын халық шешуі керек және ол өте қымбатқа түседі.
Лужков: Астана атауының ауысуын халық шешуі керек және ол өте қымбатқа түседі

Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгерді. Президент Қ.Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды. Конституциялық кеңес Астана атауының ауысуы конституцияға қайшы емес екенін мәлімдеді.

20-наурызда бұрынғы Мәскеу мэрі Юрий Лужков Қазақстан Астанасының ауысуына қатысты ria.ru-ға пікір білдіріп, қала атауының ауысуын халық шешу керектігін және бұл шара тым қымбатқа түсетін дүние екенін айтқан екен.

  • Менің ойымша, әрине, ол халықтың мәселесі. Біз шешетін нәрсе емес. Жалпы қала атауын ауыстыру өте қымбат нәрсе. Бәрі-бәрін түгел ауыстырып, мемлекеттік құжаттарды түгелдей қала атына ауыстыру керек болады, – депті Лужков.

Сондай-ақ, Лужков Астана Назарбаевтың баласы сынды қаласы болғандықтан, қала атауын ауыстыруға негіз бар екенін де айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.