11-06-20 |
1330 рет қаралған
Әміржан Қосанов видеоүндеу жасады (видео).
Әміржан Қосанов видеоүндеу жасады (видео)

Былтырғы президент сайлауына «Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан үміткер болып түскен, саясаткер Әміржан Қосанов өткен сайлау жайлы айтты.

«Осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Оған мен де қатыстым.

Қазақстан тарихында оппозицияның өкілі ресми түрде алып көрмеген 16,2 процент дауысқа ие болдым. Бұл Орталық сайлау комиссиясының мәліметі. Шын мәнінде басқаша болғаны белгілі.

Сол күні мен өзімнің өмірімдегі маңызды шешім қабылдадым.

Әрине, басқа да жол бар еді. Бірақ мен соңы қантөгіске, репрессияға ұласып кетуі мүмкін жолды таңдамадым. Ол таңдауымның себептері туралы айтып, осы жыл ішінде қазақ, орыс, шет ел тілдерінде отызға жуық сұқбат беріппін. Олар менің осы парақшамда бар, оқып алуларыңызға болады.

Мен ол сұқбаттарымда ішкі және сыртқы қауіп-қатері жетерлік қазаққа революция емес, эволюция жолы қажет екенін айттым.

Және де тәжірибелі саясаткер ретінде сол шешімім үшін мені қоғамның біраз бөлігі сынап-мінеп, жамандайтынын да білдім.

Бұл менің таңдауым болды. Мен бұл қадамға Назарбаев немесе Тоқаевты ойлап барған жоқпын. Мен халқымның амандығын, мемлекеттің өркениетті дамуын ойлап, солай жасадым.

Бүгінде оны біреу түсінсе, біреу түсінбей жатыр. Бәріне уақыт төреші.

Бір қуантатыны, менің осы таңдауымды қолдап, қантөгіссіз өзгерістерді қалаған ағайын да баршылық екен. Өз пікірін білдіріп, хабарласып жатқан оларға да алғысым шексіз!

Дәл осы күндері мен үнсіз қалуды жөнсіз санап, мына видеоарнауымды ұсынып отырмын» деп жазады Қосанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.