arasha.kz

М.Сейсембай: Бізде төрт жол бар – Тоқаев, Қосанов, бойкот және алаңға шығу

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай сайлау науқанына қатысты өзінің талдауын фейсбук парақшасында жариялады. Кәсіпкердің талдауынша, қоғамның алдына төрт жол бар. Оның қандай жолдар екенін М.Сейсембай жеке-жеке жазған.

«Достар, көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін және көптеген бос сөз бен өтіріктен тазалау үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым.
Сонымен. Бізде төрт жол бар:

1. Дауысты Тоқаевқа беру.
Онда сіздер барлығы қалыптасқан күйде қала бергенді таңдайсыңдар. Өйткені Тоқаев өзін Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді. Тоқаев пен Қосановтан басқа үміткерлер жәй қыдырып жүрген жандар, сондықтан оларды мүлдем қарастырмаймын.

2. Дауысты Қосановқа беру.
Ол кісі туралы билік пен радикалды оппозиция әр түрлі сөз айтуда. Біреулер оны Ақорданікі дейді, біреулер оппозиция дейді. Сіздің бұл жөнінде білу керек нәрсеңіз ол Қосановтың тұлғасы емес, ол сіздердің қалыптасқан жағдайға қарсы екеніңізді білдірудің заңды және өркениетті жолы. Сіздердің еліміздегі өзгеріске деген талабыңыздың білдіру жолы. Ия, билік сіздердің дауыстарыңызды «ұрлауы» мүмкін. Бірақ, егер көп адам Қосановқа дауыс берсе exit pool арқылы қанша дауыс ұрланғанын көруге болады. Және билік оларға қаншама адам қарсы екенін көріп өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Бірақ, естеріңізде болсын- бұл тек қана мүмкіндік! Менің болжауым бойынша бұл жолдың өзгерістерге апару мүмкіндігі 33%. Бұл жол менің ойымша 67% ешқандай өзгеріске әкелмейді.

3. Бойкоттау.
Бұл үшінші жол. Егер сіз сайлауға қатыспасаңыз онда Тоқаев 100% жеңеді. Ол басым дауыспен жеңген соң, ол өзінің жеңісін бұл xалықтың шын таңдауы деп есептейді де билікке қарсы шығып жүрген адамдарды жәй кішкентай ғана аблязовтың топтары деп қудағалайды. Қанша xалықтың өзгеріске деген талаптары бар екеніне көзі жетпейді. Қайта билiк сайлау үдерiсiне араласып дауыс ұрламайды. Оны көрген халықаралық бақылаушылар сайлау әдiл түрде өттi деп айтады. Бойкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыз. Еуропа қанша бақырса да біздің билік оған пыштырмайды да. Барлығы бұрыңғы қалпында жүре береді. Бойкоттау тек қана xалықтың басым бөлігі жасағанда ғана тиімді. Ал xалық ондай ауызбіршілік көрсетпесе, онда оның өзгерістерге әкелу мүмкіндігі 10-20% аспайды.

4. Алаңға шығу.
Бұл ең радикалды жол. Әрине бұл жол өзгеріске әкеледі, бірақ ол өзгерістердің қандай болатынына кім кепіл? Бұл аурудың денесіне жасалатын күрделі операциямен салыстыруға болады. Арты не болатынын ешкім білмейді. Ауру мүлдем жазылып адам жаңарып, жасайып кетуі де мүмкін, бірақ ауруы жазылмай өліп те кетуі мүмкін. Әрине, шет елде жүрген кейбiр қандастарымызға бұл ең қолайлы жол, өйткені оларға бұл елге оралудың бірақ жолы. Тариxта барлық революциялар жақсылыққа әкелген жоқ. Көптеген революциялар өздерінің басында қойған мақсаттарына жеткен жоқ. Бізге бұл жол қаншалықты керек екенін өздеріңіз ойланыңыз.

Достар, көрiп отырсыз ғой, алдымызда қиын таңдаулар тұр. Мүмкiндiгiмiз көп те емес. Бiрақ бәрi-бiр бiздiң таңдауымыз бар. Естерiңiзде болсын-егер сiз саналы түрде өзiңiз таңдау жасамасаңыз онда сiз үшiн басқа бiреу таңдау жасайды. Кейiн ренжiмеңiз.

P.S. Сайлаудан кейiн бiзде қанша таңдауымыз болатынын сiз қазiргi таңдауыңызбен шешесiз.

P.P.S. Мен ешбiр жолға үгiттеп жатқан жоқпын. Бұл жәй талдау», деп жазады Марғұлан Сейсембай.

 

 

Exit mobile version