Фото:kazgazeta.kz
Жүйе “орныңнан аламын”, “түрмеге түсесің” деп қорқытып отырмаса болмайтын, бір-бірімен байланысы аз, жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыра алмайтын адамдар тобынан құрылған деп есептейді саясаттанукшы Мұхтар Сеңгірбай. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты.
Елде нағыз төтенше жағдай болып жатыр. Ауырған кісі көп, статистикаға жұрт сенбейді, жедел жәрдем үлгермейді, денсаулық сақтау жүйесі шатқаяқтап тұр. Он күндей уақыт болды, ауруханаларда орын жоқтығы, пневмониядан өліп жатқандардың көптігі, дәрінің тапшылығы айтылып жатыр. Ақорда жиын өткізбесе, бұл мәселені шешуге әрекеттенген, халыққа бағдар берген шенеунік байқалмайды. Есесіне журналистерді марапаттау, құттықтау, арқадан қағу көп.
Бұл пандемия Қазақстандағы саяси биліктің үлкен бір кемшілігін ашып берді. Жүйе “орныңнан аламын”, “түрмеге түсесің” деп қорқытып отырмаса болмайтын, бір-бірімен байланысы аз, жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыра алмайтын адамдар тобынан құрылған. Оларды тек директивалық әдістермен жұмыс істетуге болады, оларға заң да, ереже де бағдар бола алмайды, оларда жұмысты институттық деңгейде үйлестіру тәжірибесі аз. Бұл жүйенің қауіпті тұсы сол – Ақорданың бәрін бірдей бақылап отыратындай қырағы көзі жоқ.
Мемлекеттік басқару жүйесі жолға қойылған, бір-бірін тежеп, теңгеріп, тексеріп отыратын механизмдері бар, заң үстемдігі орнаған жүйеде ғана жұмсақ, биязы президент бола алады. Ал Қазақстан сияқты үкіметі бір кісінің қалауымен жасақталатын, министрлері мен әкімдері президент көзіне нұқып көрсетпейінше қатесін түсінбейтін, халықпен мүлде сөйлесе алмайтын жүйеде Назарбаевтікі сияқты “разбор полетов” болуы керек. Тоқаевтың бүгінгі жариялаған сөгісі мен ескертуі тым жұмсақ, көңілшек басшының стилін еске түсіреді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024