Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев өзінің facebook парақшасында әлеуметтік белсенділігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын жазды.
«2018 жылдың 24 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының жанындағы мекемеаралық тергеу тобы, менiң «Стратегиялық бастамалар форумынан» кейiн, және менiң әлеуметтiк белсендiлiгiм үшiн Альянс Банкiге қатысты ескi қылмыстық iстердi қайта жандандырды. Бұл iстердiң бiрнеше рет тергелгенiне, олардың көптеген баптарының ескергенiне қарамастан тергеу тобы ескi материалдардан жаңа iс құрамақшы. Мен еш бiр iстен күнәм бар деп қорықпаймын. Бiрақ егер керек болса менi кiнәлi етiп қоя алатыны баршамызға белгiлi жағдай» деп, кәсіпкер өз шешімінің негізін көрсеткен.
Былтыры күзде Марғұлан Сейсембаевтың «Стратегиялық бастамалар форумында» сөйлеген сөзі жұрт ішіне көп тарап, кейін кәсіпкер ол сөзіне түсініктеме беріп, саясатқа араласатын жоспары жоқ екенін айтқан еді.
Оның алдында кәсіпкер елден кеткенін мәлімдеп, арада біраз уақыт өткен соң, қайта оралған еді.