Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев қараша айында стратегиялық ұсыныстар форумында сөйлеген сөзіне түсініктеме берді.
«Достар, мен whatsup және әлеуметтiк жүйелермен таратылып кеткен видео жөнiнде түсiнiктеме берейiн деп едiм. Бұл сөздi мен қарашаның басында Стратегиялық Ұсыныстар форумында сөйлеген болатынмын. Бiрақ бұл видеоны бiреулер тура бiздiң Тәуелсiз Кунi мерекесi қарсаңында белсендi түрде тарата бастады. Соған орай менi оппозиция саясаткерлерi қатарына кiргiзе бастады кейбiр адамдар. Мен соған анықтама бергiм келiп отыр.
Бiрiншiден, мен Рухани Жаңғыру бағдарламасына қарсы емеспiн. Бағдарламаның басты мақсаттары ол бiздiң халқымыздың тарихын, дәстүрiн, мәдениетiн көтеру. Ал бiздiң кейбiр шенеунiктердiң ол бағдарламаны орындауы көп сұрақ туғызады. Әсiресе жергiлiктi әкiмдер. Ол бағдарламаның жаңа тыныс алатынына сенiмдiмiн.
Екiншiден, мен бизнесменмiн, саясатпен араласуға жоспарым жоқ. Бұл сөзiм билiктегi шешiм қабылдаушы адамдарға және отанның келешегiн ойлайтын адамдарға арналған болатын.
Үшiншiден, бұл менiң қоғамның өзiне арналған үндеуiм болатын. Қоғам өзiнiң елге, жерге деген көзқарасын өзгертсiн деген ниет болатын. Патриоттық көзқарас керек екенiне назар аудару.
Төртiншiден, мен тек қана сөзбен емес, өзiм күнделiктi тiршiлiкпен, жұмысыммен, ауыл шаруашылығын дамыту, бiлiм беру саласын, iшкi туризмдi дамыту арқылы өнеге көрсетiп жүрмiн» жазды ол өзінің facebook парақшасында.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024